Dastan Hotel Aktobe

Қош келдіңіздер!

Нөмірлер интерьерлері, қолайлы орта, қағаздағы немесе монитордағы «әдемі сөздер» маңызды дәлел болмауы мүмкін. Сондықтан, көзбен көргенге не жетсін!

Sumatra мейрамханасы

  • Еуропалық және жергілікті ұлттық асхана
  • Жоғары жылдамдықтағы тегін Wi-Fi Интернет
  • Жоғары қызмет көрсету деңгейі
  • Еркін көлік тұрағы
  • Еркін көлік тұрағы
  • Конференц-залдағы шараларға қолдау көрсету: кофе-брейк, ланч, кешкі ас
  • Көшпелі қызмет көрсету: банкеттер, компания қызметкерлеріне арналған түскі ас.

Мейрамхана негізгі зал мен екі VIP-бөлмесіне бөлінген. Sumatra таңғы 7-ден түнгі 23-ке дейін, мейрамхана бары тәулік бойына жұмыс істейді.

Барлық мәселелер бойынша Food & Beverage менеджеріне хабарласыңыздар.

Sumatra кофе-бары

Кофе-бар – араласуға арналған керемет орын. Мұнда жанға жайлы жайбарақат жағдайда сіз іскерлік кездесу өткізіп немесе достарыңызбен араласып, поштаңызды тексеріп, жобамен жұмыс істей аласыз.

Сізді қашан да жаңа ғана қолдан пісірілген ұн тағамдары, дәмі тіл үйірер кофе, хош иісті шәй және жоғары жылдамдықтағы тегін WiFi Интернет қарсы алады.

Кофе-бар мейрамхана қонақтарына ғана емес, қала тұрғындары үшін де тәулік бойына жұмыс істейді, Сіз жол-жөнекей ыстық кофе ішіп, жаңа піскен нан тағамын жұмысыңызға алып кете аласыз. Қонақ үй әуежайға тым жақын орналасқандықтан сіз ұшып-қону арасындағы үзілісті кафе-барда өткізе аласыз.

Кофе-бар, сондай-ақ, мерекелік тортқа, соның ішінде, той және балалар мейрамына арналған торттарға тапсырыстар қабылдайды.

Барлық мәселелер бойынша Food & Beverage менеджеріне хабарласыңыздар.

Жылжымалы қызмет көрсету

Жылжымалы қызмет көрсету немесе кейтеринг – бұл кез-келген жердегі көшпелі мейрамхана. Кейтеринг тағам дайындаумен ғана шектелмейді, бұл қызметке үстелдерді көркемдеу мен банкет қызметі де енеді. Жылжымалы қызмет көрсету – мейрамды таза ауада, компания кеңсесінде немесе жеке үйінде өткізуді ұйымдастыру үшін таптырмайтын нұсқа.

Кейтеринг:

  • отбасылық мейрамдарды: той, туған күн, мерейтой
  • конференциялар, тим-билдинг, корпоративтік шараларды: презентациялар, көрмелер, тренинг, семинарлар
  • коктейлдер, жеке шаралар, мектеп бітіру балын өткізу үшін аса қолайлы.

Ас мәзірі фуршет, банкет, пикник, жылжымалы бар, барбекю түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.

Барлық мәселелер бойынша Food & Beverage менеджеріне хабарласыңыздар.

Бізді қалай табуға болады:

Бізге жазыңыз:

Ваше сообщение успешно отправлено.

Возникла ошибка! Приносим свои извинения за предоставленные неудобства!

Top