Хош келдіңіздер!

Dastan Hotel Aktobe – Батыс Қазақстанның тез өсіп келе жатқан аймағында, Ақтөбе және Атырау қалаларында дамып келе жатқан Dastan Hotels Group қазақстандық қонақ үй желісінің бөлігі болып табылады.

Dastan Hotel Aktobe мүмкіндіктері, инфражүйесі мен орналасуы кәсіби және жеке мақсаттарды жылдам шешуге мүмкіндік береді. Қонақ үй қаланың орталық бөлігінде, төрт банктен, сауда-ойын-сауық орталықтарынан, серуенге арналған саябақтан, собор мен мешіттен және әуежай мен терімжол вокзалынан бар-жоғы бес қадамдай жерде орналасқан. Aktobe мұнай-газ саласы операторларының шоғырлану нүктесі Dastan Center және Dastan Optimum бизнес-орталықтарының инфражүйесімен ортақ кешен құрайды.


Dastan Hotel Aktobe 60 кең де жайлы номерлер ұсынады. Қонақ үй бизнес-кластың апарт-отель түріне жақын, себебі, әр номер бес қызметтік саланы:қонақ бөлмесін, жұмыс бұрышын, атын бөлмені, жуынатын бөлме мен асхананы қамтиды. Бұлайша бөлу қонақтың барлық талап-тілегін денсаулық қауіпсіздігінің барлық ережелерін қолдана отырып қамтамасыз етіп, жағдай туғызуға мүмкіндік береді. Кір жуу және тренажер залы, лобби мен мейрамханада жоғары жылдамдықтағы Интернетке еркін қол жеткізу, қауіпсіздікті бақылау, анықтамалық ақпарат беру және ресепшнмен әкімшілік байланыс. Әрбір номерде –желдетуді жеке бақылау, king-size кереуеті, үлкен телевизор, интернетке қолжетімділік, сейф және қажетті құал-жабдықтар бар. Темекі шегетін және шекпейтін қонақтар үшін номерлер ұсынылады.

Егер бағдарламаға көпшілік шара, мәселен, семинар енетін болса, оны қонақ үйдің екі конференц-залының бірінде өткізуге болады. Жұмыс сессиялары үшін кіші конференц-зал сәйкес келсе, үлкен залда – неғұрлым көлемді шараларды өткізуге болады. Қонақ үй әуежайға жақын орналасқан, сондықтан ұшып-қону арасындағы үзілісті кофе-барда кофе ішіп, жаңалық тыңдап немесе онлайн-фильмдер көріп, хаттарға жауап беріп, өткізуге болады. Біз ескерткен жағдайда - қала бойынша бағыттау немесе белгіленген орынға жеткізу болсын – қажетті көмекті ұсынамыз.

Dastan Hotel Aktobe қонақтары – кәсіпқойлар, олардың келісі жаңалыққа толы, ал күн тәртібі – жан-жақты әрі тығыз. Әрекет ету жоспарын ештеңе де бұзуы тиіс емес, ал екінші кезектегі жұмыстарға барынша аз уақыт бөлінуі тиіс. Біз адамның жұмыс өнімділігі оны қоршаған кеңістіктің, яғни шамалы уақытқа біздің қонақ үйіміздің сапасына байланысты екенін түсінеміз. Сондықтан, сіздің мақсатыңыз тез және тиімді орындалуы үшін күш саламыз.

Көптеген жағдайларды міндетті түрде жайлылық пен қауіпсіздікке кепілдік бере отырып, шешуге болады.

Азырақ қарау Көбірек қарау

Келу / кету уақыты:

Келу уақыты: 14:00
Кету уақыты: 12:00
15:00 сағатта кешкі кету уақыты жүзеге асуы мүмкін – нөмерлер болған жағдайда.
Жергілікті уақыт: GMT+6

Орналасқан орны:

Қала орталығы.
Қазақстан Республикасы,
Ақтөбе, 12 ықшамаудан, Бөкенбай батыр көшесі, 2.

Әуежай – 5 мин.
Теміржол вокзалы – 10 мин.

Бар-жоғы бес минут жерде:
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақ
Сулы-көгалды бульвар
«Нұр ғасыр» орталық мешіті
Киелі-Николь кафедралдық соборы
Mega Aktobe сауда-ойын-сауық орталығы
Қазақстанның Халық банкі
Қазкоммерцбанк

Бизнес-қызметтер

Компьютер, Ксерокөшірме,
сканерлеу; принтер, факс
Жоғары жылдамдықтағы интернетке қолжетімділік
Лобби, мейрамхана және кофе-бардағы тегін WiFi Интернет

Интернет:

Жоғары жылдамдықтағы LAN.
Нөмірлердегі және бизнес-бұрыштарындағы Интернетке қолжетімділік.

Жоғары жылдамдықтағы WiFi.
Лобби, мейрамхана, кофе-бардағы Интернетке қолжетімділік.

Тілі:

Ағылшын
Орыс
Қазақ
Түрік

Нөмірлер:

Барлығы: 60 нөмір. Нөмір бағасына таңғы ас бағасы енеді. Темекі шекпейтін қонақтарға арналған нөмірлер бар. Корпоративтік ұсыныстарды жүзеге асыру мүмкіндігі бар.

Әр нөмір бес қызметтік бөліктен: жатын бөлмеден, қонақ бөлмеден, жуынатын бөлмеден, екі камералы тоңазытқышы бар мини-асханадан және жұмыс орнынан тұрады.

Эконом – екі аралас бөлмеден тұратын бір орындық нөмір (лифттің қарсысында орналасқан).Бағасы: 24 500 тг. Алаңы: 30 шаршы м.

Стандарт – екі аралас бөлмеден тұратын бір орындық нөмір. Бағасы: 28 000 тг. Алаңы: 35 шаршы м.

Студио – демалысқа арналған бөлігі бар неғұрлым кең бір бөлмелі нөмір. Бағасы: 31 500 тг. Алаңы: 40 шаршы м.

Люкс – кең лоббиі және екі жатын бөлмесі бар екі орындық нөмір. Бағасы: 42 000 тг. Алаңы: 90 шаршы м.

Әрбір нөмірде:
Желдетуді бақылау құралы
Түтінді анықтайтын құрылғы
Электрондық құлып
Спутниктік теледидар
Телефон
Интернетке жоғары жылдамдықтағы LAN-қолжетімділік (қосылу бағасы бөлек)
Сейф
Тегіс экраны бар ЖК-телевизор
Мини-асхана
Екі камералы тоңазытқыш
Халат
Фен
Тәпішкелер
1 л су

Валюта:

Қазақстандық теңге (KZT)

Кредиттік карталар:

Visa
Master Card
American Express

Мейрамхана және кофе-бар:

Sumatra мейрамханасы:
Еуропалық асхана.
Таңғы ас: жай күндері таңғы 7-ден 10-ға дейін, демалыс күндері - 7-ден 11-ге дейін. Швед үстелі беріледі.
Бизнес-ланч/түскі ас: 12.00-ден 15.00-ге дейін. Швед үстелі беріледі.
Кешкі ас: ас мәзірі бойынша 23:00-ге дейін.
Екі VIP-бөлме

Sumatra кофе-бары:
Тәулік бойы қамтамасыз ету.

Басқа да қызметтер:
Тортқа, той тортына тапсырыстар қабылданады, көшпелі банкет қызметі, компания қызметкерлеріне арналған түскі ас.

Конференц-залдар:

Кіші зал – 35 адамға дейін. Үлкен зал –90 адамға дейін, көшеден кіретін бөлек есік бар.

Орналасу стилі: «T» әрпі, «дөңгелек үстел», «П» әрпі, «сынып бөлмесі», «театральдық».

Кофе-брейкке, бизнес-ланчқа, кешкі асқа тапсырыс берілуі мүмкін.

Құрал-жабдық: экран, проектор, дыбыс жабдығы, микрофондар, ноутбук, маркер тақтасы, флипчарттар, маркерлер.

Көлік:

Әуежайдан күтіп алу
Әуежайға шығарып салу
Көлікті жалға алу
Таксиге тапсырыс беру

Көлік тұрағы:

Көлік тұрағы тегін күзетіледі

Кір жуу қызметі.

Үй жануарлары:

Өкінішке орай, қонақ үй үй жануарларын ұстауды қарастырмайды.

Басып шығару ушін болжамы