Теңге курсы:
USD 335.24
EUR 395.82
RUB 5.82
Қала жайлы:

Батыс Қазақстанның іскер орталықтарының бірі Ақтөбе қаласына қош келдіңіз!

Бұл қала, Атырау, Ақтау және Орал қалаларымен бірге, өндіріс компанияларының операциялық базасы болып табылады.


Зорайтылған картаны қарау
Экономика:

Актобе – 400 мың адамға тарта халқы бар Ақтөбе облысының орталығы. Облыс Қазақстанның алты облысымен, сондай-ақ, Ресеймен және Өзбекстанмен шектеседі. Ақтөбе облысында Қазақстанның хром рудасының барлық қоры, титан қорының үштен бірі, сонымен қатар, кобальт, мыс, мырыш, фосфорит, көмір мен алтын шоғырланған. Неғұрлым ірі кен орындары: Хромтау, Жаңажол, Кеңқияк, Әлібекмола, Урихтау. Ақтобе арқылы жұмыс істеп тұрған ірі автомагистральдар, сондай-ақ, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» болашақ транспорттық дәліз участогы өтеді. Қала – Қазақстанның ірі қалаларына: Астана, Алматы, Атырау, Ақтауға, сондай-ақ, екі бағыт бойынша Ресейге, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстанға шығуды қамтамасыз ететін ірі теміржол түйіні болып табылады. «Ақтобе» әуежайы жаңартылып, халықаралық мәртебесіне ие болған.

Облыста бірнеше жаңа металлургия зауыттары құрылысын қосқанда 20 инвестициялық жоба жүзеге асуда. Шикізат секторы мен үдемелі өндіріс бағдарламасы қазақстандық және шетелдік инвесторлар мен бизнесмендер үшін айрықша инвестициялық тартымдылық тудыруда. Онымен бірге, тамақ өндірісі мен сауда белсенді дамып келеді.

Аймақтағы ірі компаниялар қатарында: «Қазхром» АҚ ТҰК (Ақтөбеде Ақтөбе феррохром зауыты мен Дон кен-байыту комбинатының базасы бар, ТНК ENRC тобына кіреді), «Ақтөбемұнайгаз», «Қазақойл Ақтөбе», «Ақтөбе мұнай құрал-жабдығы зауыты», «Восход-Ориел», «Ақтөбе мыс компаниясы», «Юбилейное». «Ақтөберентген» АҚ General Electric Healthcare компаниясымен бірге компьютерлік томографтар өнірісі жобасы жұмысымен айналысады. Қызмет көрсету және сауда секторындағы республикалық және халықаралық компаниялар, мысалы, MEGA Management және Metro Cash&Carry қалада болашақта сұраныстың өсе түсеріне сенімді. Ақтөбе сіз үшін іскерлік белсенділіктің асты орталықтарының біріне айналуы әбден мүмкін. («Жол сілтеуші» бөлімінен компаниялар тізімін қараңыз).

Азырақ қарауКөбірек қарау

Википедиядан Ақтөбе жайлы.

Сілтемелер: